«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Айгөлек» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Айголек» города Макинск при отделе образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Баланың балабақшаға бейімделу кезеңінің қиындықтары»

20.05.2024

«Баланың балабақшаға бейімделу кезеңінің қиындықтары»

 

Балабақша -  біздің өмірімізде ең маңызды орын алатын кезең. Бақша- өсіп өну орны, түймедей ғана дәннің үлкен болып,ғажайып өсімдікке айналатын жері. Сол тәрізді балалар бақшасы да әлі дүниеден еш хабары жоқ шағын ғана сөздің қоры бар, түсінігі де шектеулі өмірде өз мүмкіндігіне сай тұлғалық қалыптасып келе жатқан сәбилер тәрбиеленеді.

Баланы балабақшаға әкелу бізге не әкеледі?  Ең біріншіден, өз құрбыларымен қарым қатынас мүмкіндігінің қалыптасуы. Қандай бала болсын, ол үш жасқа толғанда өзге балалармен қарым қатынаста болуды қажет етеді. Ал, тәрбиешілермен қарым қатынасы кейіннен де мұғалімдермен қатынаста қиындық туғанда көмектеседі. Жалпы алғанда, балалар балабақшада  адами жатахананың ережесін түсініп, оларды үйренуге тырысады. Балабақшада балалар интелектуалдық және физикалық даму үшін мүмкіндік алады. Олармен арнайы сабақтар: жапсыру,сурет салу,құрастыру,тіл дамыту,дене шынықтыру,әлеуметтік құндылықтармен танысу және баланың дамуына нақты қатысатын қабілеттілігін көрсетеді. Қай бала болсын балабақша алғаш келгенде бейімделу кезеңінен өтеді.Балабақшаға келгеннен кейін баланың өмірлік жағдайы өзгереді. Ерте және кіші мектепке дейінгі жастағы балалардың бейімделу мүмкіндігі шектелген,сондықтан жас балалардың жаңа әлеуметтік жағдайға жылдам ауысуы және стресстік жағдайда ұзақкүнді  балабақшада өткізу эмоциялық бұзылушылықтармен психофизикалық даму темпісінің  төмендеуіне әкеледі. Жалпы, адаптация ұғымы латын тілінен аударғанда икемделу, бейімделу деген мағнаны білдіреді. Бейімделу кезеңі адам организмінде өте қиын жағдайда өтеді.Бейімделу кезеңі  ұзаққа созылуы мүмкін.Қиындықтан шығу үшін және бейімделу мерзімін оптималды қамтамасыз ету үшін баланы жанұядан балабақшаға біртіндеп үйрету қажет. Дәрігерлер мен психологтардың зерттеуі бойынша бейімделу үш этапқа бөліп қарастырған:

1- 16 күн  жеңіл                                                          

6- 32 күн  орташа

32- 64 күн  қиын

Кейбір сәбилерде ұйқының бұзылуы орын алады.Ұйықтағысы келмейді,жылайды,анасын іздейді.тамаққа деген тәбеті төмендейді.

Жеңіл бейімделу: бала мінез құлқы екі апта ішінде қалыпқа келеді.Тәбеті апта соңына дейін қалыпқа келеді. Балада тұрақты әрі қалыпты эмоциялық жағдай қалыптасады.Үлкедермен араласып, жаңа жағдайға тез үйренеді. Сөйлеуге көп қысылғанмен, бала алаңдап үлкендердің айтқанын тыңдайды.

Ауру сырқауы асқынбайды.

Орташа бейімделу: бала мінез құлқы 20-40 күн  ішінде қалыпқа келеді.Көңіл күйі тұрақсыз болып, жылап сықтауы бақыланып отырады. Жақындарымен кездескенде жылайды, айқайлайды. Сөйлеу белсенділігі  бәсеңдейді. Аурушаңдығы он күннен аспайды. Бала ересектердің қолдауы арқасында  танымдық жіне мінез  құлық белсенділігі байқалады.

Ауыр  бейімделу: Бұл кезең ауру сырқаумен көрінеді. Балада агрессиялық реакция, белсенді эмоциялық жағдай: жылау, айқайлау сияқты көріністер береді.

 Мектепке дейінгі ұйымға ауыр бейімделудің себептері:

  • Үйдегі үйренген күн тәртібінің балабақшадағы күн тәртібіне сәйкес келмеуі;
  • Баланың өзіндік әдеттерімен ерекшеленуі;
  • Ойыншықтарымен өздігінен ойнай алмауы;
  • Қарапайым мәдени гигиеналық дағдылардың қалыптаспауынан;
  • Бейтаныс немесе үлкендермен қарым қатынастың қалыптаспауынан;

Балабақшаға ауыр бейімделудің стрестік ауыртпашылықтарының себептері:

  • Көп мөлшердегі балалардың ішәнде ұзақ күнді жүру осыда балаға ұнамауы мүмкін.
  • Орындалмаған тапсырма үшін жазалайтыны, қатаң дисциплиналық ереже.
  • Бірнеше ғана үлкендермен қарым қатынаста болу да балаға ұнамауы мүмкін.

Мектепке дейінгі ұйымға алғаш келген баланың бейімделу кезеңіне ата аналардың берер көмегі:

  • Балаға балабақшаның не екенін, балалардың не үшін келетінін айтып түсіндіру керек;
  • Айтылған сіздің әңгімеңіз сенімді, қалыпты, сенімді болуға көмектеседі;
  • Мүмкіндігінше балалардың қарым қатынас мүмкіндігі көбейеді.

 

Просмотров: 441


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст