Тәуелсіз еліміздің айбынын асқақтатар, келешегімізді кемелдендірер білімді, саналы, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясына негізделген, өз елінің патриоты болатындай зияткер тұлғаларды тәрбиелеу мектепке дейінгі ұйымдардың қазіргі таңдағы басты міндеттерінің бірі деп атауға болады. балалар мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие мен оқытумен қатар, атаулы мерекелік күндердің де ерекшеліктері мен маңыздылығын түсінеді.
«Мереке»-бұл балалар үшін қуаныш пен шаттықтың, ән айту мен көңілді билер билеудің, жаңаша ойындар ойнау және тағы да басқа бала есінде қаларлықтай керемет қызықты сәттерімен ерекше. Сол себепті де балабақшада әр түрлі мерекелік іс -шараларға қатысу арқылы, тәрбиенің негізгі болып табылатын әдепті болуды, инабаттылықты, мейірімді болуды, қонақжайлылықты тағы да басқа адами құндылықтарды бойына сіңіреді. Мерекелік іс-шараларды балалар жас ерекшеліктеріне сәйкес, дұрыс, сапалы ұйымдастыру арқылы балалардың шығармашылық қабілеттері дамып, қиялы, байқағыштығы және қоршаған ортаны эстетикалық талғаммен қабылдауы, өз ойларын сезімдерін көркем түрде жеткізе білу біліктері қалыптасады. Сонымен бірге, балабақшада әр түрлі іс-шараларды ұйымдастыру барысында балаларға салауатты өмір салты, әлеуметтік дағдысы, танымдық, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға болады. Мектепке дейінгі ұйымда жоспарланған, ұйымдастырылған әр іс - шараның маңыздылығы ерекше болмақ. Мерекелер балаларды ерте жастан әлеуметтендірудің бірден-бір құралы десек те болады. Осы аталған мақасаттарға біздің бөбекжай бақшамызда мерекелік іс-шаралар ерекше қызығушылықпен ұйымдастырылып, жоғары деңгейлерде өткізіліп келеді.
https://cloud.mail.ru/public/8Kuk/UaL6aTuV1
https://cloud.mail.ru/public/Mmuu/tK7F67p73
https://cloud.mail.ru/public/Kk2k/E18setifB
https://cloud.mail.ru/public/cDey/Aa5HTsLNx