«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Айгөлек» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Айголек» города Макинск при отделе образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Аяулы күз, алтын күз», тәрбиеші Куанышова Д.О.

«Аяулы күз, алтын күз»

Жүргізуші: Құрметті қонақтар,балалар! Алтын күз меркесі құтты болсын! Ел байлығын арттырған берекелі де мерекелі күз мезгілі  келді.Сары алтындай сары  күз себетке толы жемесін ,қамбаға толы егінін сыйлайды.Олай болса                                     «Арайлы  Алтын күз»  ертеңгілігімізді бастаймыз.

Жүргізуші: Армысыздар халайық,

Бармысыздар халайық.

Күзгі тойда жұп жазбай,

Келіңдер қарсы алайық.-деп  «Жұлдыз-ай»ересек тобының балаларын қарсы аламыз.Балалар музыка әуенімен залға

Би:«Жапырақтар»

Жүргізуші: Қуандырып біздерді

Мерекелді күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

 Кемелденсін ел енді.

Жүргізуші:Енді кішкентай бүлдіршіндеріміздің  тақпақтарын тындаймыз.

Ильяс:    Ән салыңдар күліңдер

              Жайнап гүлдей жүріңдер

               Күздің тойын тойлайық

               Би билейік ойнайық

Адина:   Берекесін сыйлауға

        Өлкемізге күз келді

        Жемістерін жинауға

         Шақырады біздерді.

Алихан:   Қарашы күз келді, күз келді,

               Жапырақ жауыпты іздері

               Құс біткен керуен тізеді

               Қара бұлт қабағын түйеді

Алия:Алтын,сары,қызыл,көк,
              Алуан-алуан жапырақ.
              Күзгі бақта күлімдеп,
               Көз тартады атырап

Медина:Күз келді тамаша

Ән саламыз жараса

                Жеміс-жидек піскенде

                Жейміз оны таласа.

 

 

 

 

 

Жүргізуші: Жер берді жемісті,
                    Күз келді келісті.
                    Күз байлық ,береке.
                   Алтын күз мереке! (хормен)

         Ән: «Алтын күз»

Жүргізуші:Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілінде неше ай бар?Күз мезгілінде ауа-райы қандай?

Жүргізуші: Берекелі, мерекелі

             Келді жомарт Алтын күз.

             Қалада да, далада да,

               Жанның бәрі жарқын күз.

«Тосын сәт»

Мыстан:(Залға мыстан кемпір сыпырғышы мен жүгіріп билеп кіреді.Кенет сиқырлы қылқалам тауып алады. Мыстан таңғалып сиқырлықылқаламға қарап тұрып ойлайды қандай керемет? не істесем екен? Қанша жылдар бойы үйім сырланбаған, соны сырлап алайын деп сиқырлықылқаламды алып үйіне қарай жүгіре жөнеледі.

«Күз ханшайымы»:Үйдің бұрышында жылап отырады.

Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы айнала орман іші қандай тыныш, бір түрлі көңілсіздік. Бұл тегін емес. (Осылай орман ішін аралап жүргенде Алтын күз алдарынан шығады, бірақ ол сондай көңілсіз)

«Күз ханшайымы»: Сәлеметсіңдер ме, балалар, қонақтар! Менің сұлу да әдемі, көрікті табиғатыма қош келдіңіздер!

Уа халайық, дархан далам армысың!

Табиғатым жаны  жайсаң тал мүсін.

 Ханшайымы күздің  бүгін келіп тұр,

Алмақ болып бар халқымның алғысын.

Мен күзгі ханшайыммын сендерді көргеніме қуаныштымын.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Алтын күз! Біз бүгін сіз айтқандай көрікті, әдемі табиғатымызды тамашалауға саяхатқа келгенбіз. Бірақ сіздің көңіл-күйіңіз жоқ қой, неге жылап отырсыз?

Алтын күз: Мен сиқырлы қылқаламымды жоғалтып алдым, күз бояуын бояп үлгермедім. Енді не істеймін, сиқырлықылқаламымды қайдан тапсам болады?

Жүргізуші: Қане, балалар, Алтын күздің көңілін көтеріп, оған арналған тақпақтарымызды орындап берейік. Сиқырлы қылқаламды да іздеп табуға көмектесейік.

Жүргізуші:Берекелі, мерекелі

Келді жомарт Алтын күз.

Қалада да, далада да,

 Жаннның бәрі жарқын күз. Балаларымыздың тақпақтарына кезек береміз.

 

 

Еркежан:Жетті желмен алтын күз

Жеміс жинау салтымыз.

            Жиып-теріп болған соң

               Той жасайды халқымыз

Мухаммад:Күз келді, алақай

 Алтын келді ,далаға

     Дәні бітік бидайды,

            Құйып жатыр қамбаға.

 Злата:Күз келді, алақай

 Алтын келді ,далаға

                Дәні бітік бидайды,

                Құйып жатыр қамбаға

Жансұлу:  Айнала жым-жырт,

Көк аспан сұрғылт.

Жер жыртқан тыңда,

Трактор қырда.

Ислам:Сарғайды тоғай,

Сап –сары маңай,

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.

 

Іңкәр:Қамба толды астыққа

Алғыс саған алтын күз.

Бір уыс дән шаштықта,

Қап-қап қауын алдық біз.

Бекжан:Көрініп еліме

Күндерім мереке.

Келді ғой жеріме,

Күз дейтін мереке..

Алдияр:Алақай,алақай!
Шаттанды балақай.
Күз түсті,дән пісті,
Айтамыз алғысты.

Жүргізуші:Бүгін мейрам бүгін той,
Қуаныш күн біліп қой.
Күзгі бақтай сыңғырлап,
Алақанды соғып қой.

Ән: «Күзге сәлем» (Ильяс, Бекжан,Адина,Медина,Злата)

Жүргізуші: Бүгін мейрам бүгін той,
                       Қуаныш күн біліп қой.
                        Күзгі бақтай сыңғырлап,
                        Алақанды соғып қой.

«Күз ханшайымы»:Балалар сендердің өнерлерін көп екен.Енді мен сендерге жұмбақ жасырайын,шешуін тауып көріңдер.

Жұмбақтар:
Ағайынды бәрі,
Шықса жасыл,
Түссе сары.(Жапырақ)

Көк ала костюм киеді,
Күннің көзін сүйеді.(Қарбыз )

Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.(пияз)

«Күз ханшайымы»:Балалар сендер тамаша жауап бердіңдер жарайсыңдар .Енді маған көмектесіңдер. Сиқырлы қылқаламымды тауып алуға.

Балалар:Сізден бұрын осы маңайда мыстан кемпір жүрген, сол алған шығар ендеше бірге іздейік.

Мыстан:Сиқырлы қылқалам мен әндетіп үйін сырлап жүреді.

«Күз ханшайымы»:Балалар мынау менің сиқырлы қылқалам ғой

Мыстан:Жоқ мен тауып алдым орманнан бермеймін. Тапқан тапқандікі,ешкі баққандікі бермеймін өзім үйім енді әдемі етіп алғанымда қараңдаршы қандай әдемі жапырақтар менің үйім керемет болды,-деп жүгіре жөнеледі

Жүргізуші: Мыстан біздің балалар мен той тойласаң қалай болады?Би билеп,ән айтады,ойын ойнайды.

Мыстан:ойланып тұрып келіседі,жарайды менде бүгін тойлап келейін қоймадыңдар ғой деп келеді

Жүргізуші: Қарсы алайық қол соға,

Өнерлі жас қаншама

Мың бұралып, билеген

         «Жұлдыз-ай» тобы ортада

Би: «Саңырауқұлақтар»

Жүргізуші:Күн шуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

Ойын:«Дәмін тат та, атын айт» ойыны.
Ойын шарты: көздерің байланады, дәмін және иісін сезу арқылы қандай жеміс немесе көкөніс екенін табасыңдар.

Жүргізуші:Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел,жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.

Ән: «Жаңбыр» (Ильяс, Еркежан,Жансұлу)

Мыстан:Балалар мен сендердің  ата-аналар мен ойын ойнағым келіп тұр

Ойын:«Жемістер мен көкөністердің суреттерін салу» ойыны.
ойын шарты: Мен билеп сыпырғышым мен ұшам ата-аналар менің арқама аққағазға жемістер мен көкөністердің суреттерін салады.  (ортаға 4-5 ата –ана шығады)

Жүргізуші:Ой балалалар балалар,
Қоңырқай күз келіпті.
Қурап жапырақ солыпты,
Ел егінін орыпты.

Ән: «Күзгі вальс»балалардың орындауында

Мыстан:Ох қандай тамаша көңілімді көтеріп алдым. Енді үйіме барып жұмысымды істейін.Ой менің сыпырғышым кәне балалар көрсетеді.Жоқ менің сиқырлы қылқаламым бар еді.

«Күз ханшайымы»:Ол менің сиқырлы қылқаламым балаларға әртүрлі суреттер салуға алып келген. Ол менің қолымда және балаларға сыйлықтарым бар дейді.Мыстан:ашуланып шығып кетеді.

«Күз ханшайымы»:Менде сендерге құр алақан келгенім жоқ, сендер мен ойын ойнаймын.

Ойын:«Күн ,түн,жаңбыр» ойыны.
Ойын шарты:«Күн ,дегенде музыка мен билейміз,түн дегенде отырамыз,жаңбыр дегенде қол шатырдың астына тығыламыз»
Күз ханшайымы:Балаларға алып келген сыйлықтарын береді

Берекелі бақ-дәулет

Арта түссін тойланып,

Сау болыңдар, балалар

Келгенше жыл айланып.

Осы кезде әуен ойналады, Күз ханшайымы қоштасып кетеді.

Балалар: Қош бол Күз ханшайымы!

Жүргізуші: Күздің кереметі,байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдаға, көкеністерге, жеміс-жидектерге толы болады,бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. Міне балалар осымен «Арайлы Алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыға бақыт-береке тілеймін.

 

 

Жаңартылған күні: 23.11.2022 08:36
Құрылған күні: 23.11.2022 08:38

Текст