«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Айгөлек» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Айголек» города Макинск при отделе образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Қош келдің , Жаңа жыл!" ертеңгілік сценариі. Тәрбиеші Искендирова Ж.К.

Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұмат беру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір-біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Кейіпкерлер: Аяз ата, Ақшақар,Сиқыршы,Аққала.
Жүргізуші – Сиқыршы: Құрметті біздің қонақтар, ұжымдастар!
Барлығыңыз да бүгінгі Жаңа жылдық шырша тойына қош келдіңіздер!

Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
«Балапан» тобында!
Сиқыршы: Қош келдіңіз бүгінгі Жаңа Жыл кешімізге
Жаңа табыс тілейік ісімізге
Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін.
Мына отырған барша жан, бәрімізге!

- Балалар, қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,... шыршамыз көңілсізғой, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шырша шамдарын жағайық!

Бәрі бірге: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)

Осы кезде бір әуеннің дауысы естіледі.

Сиқыршы:Балалар тыңдаңдаршы бұл кім әндетіп жатқан?Ортаға Аққала шығады.

Аққала:Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!

Сиқыршы: Аққала сен неге көңілсізсің?

Аққала:Мен орманда Аяз ата Ақашармен жүргенде ажырап адасып қалдым. Маған Аяз ата Ақшақарды табуға көмектесіңдер ме?

Балалар: Иә

Аққала: Ендеше Балалар, шыршамен ойын ойнайықшы,бәлкім Аяз ата Ақшақар шырша шамдарын байқап осында келеді, шамдарды жағу үшін біз шапалақтаймыз. Ал енді шамдарды сөндірейік, қатты-қатты үрлейміз.

«Шыршамен» ойын.

(Балалар үрлейді, шамдар сөнеді. Ойын екі-үш рет ойналады. Балалар шапалақтайды, ал шырша жанады.)

Аққала: Жарайсындар, балалар. Шыршамыз көңілденген сияқты. Алыстан Аяз ата мен Ақшақар келе жатырған секілді,қәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі бірге: Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 – рет

Аяз ата мен Ақшақарды шақырады. (Аяз ата мен Ақшақар келеді)

Аяз ата:

Амансын ба ұлдарым,

Амансын ба, қыздарым?

Қандай әсем жүздерің,

Қандай мөлдір көздерің.

Керемет бір ән тыңдап,

Келіп тұр-ау демалғым.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!
Ақшақар:- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт-жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Аяз ата, сәлеметсіз бе, Ақшақар. Біз балалармен ән айтып, би билеп, ойын ойнадық. Ал енді, балалар сіздерге де ән орындап береді.

Ән «Шырша жыры»

Ән аяқталған кезде Аяз ата шеңбердің ішінде қалып қояды.

Балалар: Қалып қойдыңыз шеңберде,

Жібермейміз ешқайда.

Шығармаймыз біз сізбен

Ойнағымыз келеді.

Аяз Ата: Мен тышқан болып өтемін,  (балалар отырады)

Ұшақ болып ұшамын.   (балалар тұрып, қолдарын көтереді)

Су болып ағамын,   (балалар отырады)

Құс болып ұшамын.  (балалар қайта тұрып, қолдарын көтереді)

-- Балалар, босатыңдаршы мені! Не қаласаңдар, соны орындаймын.

Балалар: Сыйлық!

Аяз ата: Сендерге арналған сыйлықтарым бар! Ең алдымен балалар маған би билеп бересіңдерме?

Жүргізуші: Аяз ата әрине билеп береміз,біздің балалардың өнерлері өте көп, сіз шаршаған шығарсыз. Балалар сізге дайындаған биін тамашалап отырып, демалып алыңыз.

«Кішкентай Аяз аталар» биі.

Аяз ата: Жарайсындар, балалар.

Ақшақар:Балалар меніңде сендерге дайындаған бір ойыным бар, ойнаймыз ба?

Балалар:Иә

Ақшақар: Ендеше балалар мына қарларды кім жылдам себетке жинайды екен?

Ойын:«Кім жылдам»

Аяз ата: Жарайсындар, балаларым. Барлықтарың өнерлі екенсіндер. Аталарыңды бір қуанттыңдар,Ал енді сыйлықтарынды қабыл алыңдар, ал маған кететін кез келді.

Сыйлықтарды таратады.

- Мен енді өздеріңмен қоштасып, келесі бақшаға барайын. Онда да өздерің секілді кішкентай балалар күтіп отыр. Қош сау болындар, балалар!
Балалар: Қош сау болыңыздар Аяз ата мен Ақшақар!

Жүргізуші: Міне біздің мерекелік ертеңгілігіміз де аяқталып қалды. Жаңа жыл тек табыс береке, бірлік әкелсін. Әрбір адам Жаңа жылдан жаңалық күтіп, үмітпен қарайды. Осы мерекеге жиналған әрбіріңіздің үміттеріңіз ақталып әрбір отбасында арман - тілектеріңіз орындалсын.

Жаңартылған күні: 28.12.2023 10:08
Құрылған күні: 28.12.2023 10:08

Текст