«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Айгөлек» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Айголек» города Макинск при отделе образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Қызықты жұмбақтар", тәрбиеші Д.О.Куанышова

22.02.2024

Білім  беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Қызықты жұмбақтар»

Мақсаты: Балалардың төрт  түлік туралы түсініктерін кеңейту. Олардың төлдерін ажырата білуге үйрету. Балаларға жұмбақ туралы білім беру. Шығармашылық халық ауыз әдебиетімен таныстыру. Ой - өрісін дамыту. Тіл байлығын жетілдіру. Оқу іс - әрекетіне деген қызығушылығын арттыру. Сөздік қорын байытып, сөйлемнің дұрыс грамматикалық қатарын құру.

Әдіс-тәсіл: Түсіндіру, көрсету, әңгімелесу,жұмбақ.

Көрнекіліктері: Жануарлардың түрлі-түсті суреттері

Шаттық шеңбері

Жарқырайды күннің көзі

Нұрын төгіп далаға

Күн сәулесін төгеді,

Бақыт сыйлап балаға

 

                                

Балалар бір-біріне жылы тілектерін білдіреді.

 

Ал, енді балалар біз жаңа оқу іс - әрекетіне көшейік. Бүгінгі оқу іс - әрекеті «Қызықты жұмбақтар».
Енді балалар жұмбақтар әлеміне барайық.
Мына жерде не көріп тұрсыңдар?
Балалар сендер жұмбақтарды шешкенді жақсы көресіңдер ме?
Жұмбақтар әр түрлі болады екен. Олармен жақынырақ танысу үшін мен сендерді жұмбақтар көрмесіне шақырамын.
Жұмбақ халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Әр жұмбақта заттың аты аталмайды, оны шешу үшін ойланып, не туралы жасырылғандығын табу керек. Жұмбақтың шешуін оңай жолмен табу үшін ұқсайтын затпен салыстырады немесе ерекше сөзбен айтылады.
Балалар үстел үстіндегі жұмбақ көрмесіне назар аударып, қызыға қарайды.

Балалар төрт түлік малға не жататынын білесіңдер ме?

-Ия

-Түйе, жылқы, сиыр, қой

 Дұрыс айтасыңдар балалар.

Ал, енді осы жануарларға байланысты жұмбақ жасырамын.

 

 

 

 

 

 

1.Кішкене ғана бойы бар

Айналдырып киген тоны бар

Қой

2. Кезекті бір жануар

Үстінде екі тауы бар

Балалар суретін көрсетеді

Түйе

 

3.Басында екі таяғы бар

Төрт аяғы бар

Бір тағы сақалы бар

Ешкі

4. Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар,

Төрт шылдырмағы бар

Бір шыбыртқысы бар

Сиыр

5. Екеу елеңдесіп келеді,

Төртеу төбелесіп келеді

Жылқы

Ойын: «Төрт түлік»

 

 

 

 

 

 

Жарайсыңдар балалар!

-          Балалар, бұл төрт түлік малдың адамға пайдасы бар ма?

-Бар

-  Қандай пайдасы бар, бізге не береді?

-Сүт, ет, жүн береді.

-  Түйенің сүтінен не жасалады?

-Шұбат, қымыз ішеміз

 - Ал, жылқының сүтінен не жасалады?

Дұрыс айтасыңдар балалар!

-  Сиыр, ешкі, қой сүтінен қандай тағамдар жасалады?

-Май, құрт, айран, ірімшік жасайды

-  Ал, енді балалар қойдың, ешкінің, түйенің жүнін не үшін пайдаланамыз?

-Жіп, кілем тоқиды, көрпе көрпеше жасайды

                     

 

Балалар, сендер төрт түлік жайлы көп біледі екенсіңдер, жарайсыңдар балалар!

Кім қалай дыбыстайды?

Сиыр-Мө-мө

Қой- Мә-мә

Түйе -Бө-бө

Жылқы- Е-е-е-е

Ешкі- Мәәә-мәәә

 

Өте жақсы балалар. Енді мені тыңдаңдар. Малдың дыбыстығанын былай айтады.

Жылқы-кісінейді,

Сиыр-мөңірейді

Қой-ешкі маңырайды

Түйе –боздайды

 

                    

Өте жақсы балалар! Біз бүгін «Қызықты жұмбақтар» атты оқу іс-әрекетімен таныстық.

Күтілетін нәтиже:Ұқыптылық, шыдамдылық, ептілік.
Біледі:Балалар жұмбақ халық ауыз әдебиетінің бір түрі екенін білді. Жұмбақтың түрлерін білді.

Істей алады:Сұрақтарға толық жауап беріп, жұмбақтардың шешуін дұрыс таба алды.

Просмотров: 1778


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст