«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Айгөлек» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Айголек» города Макинск при отделе образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Қыз қызығы" ойын- сауық, тәрбиеші Д.Куанышова

29.01.2024

Тақырыбы: «Қыс қызығы» (ойын-сауық)

Мақсаты: Балаларға қысқы жыл мезгілі туралы түсінік беру,Қысқы табиғат ерекшелігін айыра білу арқылы,ақыл –ой қызыметін дамыту.Қысқы ойын түрлерімен таныстыру.

Көрнекілігі: қыс мезгілінің суреттері,қар,аққала,шаңғы,шана.

Сөздік жұмыс:қар,аққала,шана,шаңғы,коньки.

 

Жүргізуші :      Қыс қызығы басталды.

                            Ойнап асыр салайық

                            Сазды әуенмен мәнерлеп,

                           Ырғақты қимыл жасайық,

Жүргізуші балаларға жұмбақ жасырады.

     1)Аяз қысып өрнек сызып,

        Терезеңді торлайды

        Бөбектерім айтыңдаршы

        Бұл қай кезде болады  (Қыс)

 

      2) Мамықтай жұмсақ болады

          Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)

Жүргізуші: -Қазір жылдың қай мезгілі

Балалар: -Қыс мезгілі

Жүргізуші: -  Қыста ауа-райы қандай?

Балалар: -Салқын,жерде қар бар,аяз, боран болады.

 Жүргізуші: -Тақтаға назар аударыңдаршы!.Қандай қысқы ойын түрлерінің суреттері ілінгенін?

Балалар: -Шаңғы,конки тебу,сырғанақта сырғанау,аққала жасау.

Жүргізуші: -Балалар қыс туралы кім тақпақ біледі?

Аяла:      Далада қар борайды

                Ақ мамыққа орайды

                Мұз болады қатады

                Жып-жылтыр боп жатады.

Алим:   Жарыстым айдында

                 Конкьимен зуладым

                 Биіктен құлаймын

                 Шаңғымен зырладым.

Ойын: «Аққала»

Мақсаты:балаларды шапшаңдыққа тәрбиелеу.Аққала бөліктерін рет-ретімен

                    жапсыртуға және ойлау қаблетін арттыру.

Шарты: Екі топтың балалары аққала жасау үшін тақтаға шығып,бірінші бөлігін,екінші

                Бөлігін,үшінші бөлігін тақтаға іледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                       

 

 Хор:«Қыс қызығы»

Жүргізуші:Балалар қыста қандай құбылыстар болады.

                   Тәрбиешімен бірге сергіту сәті.

Сергіту сәті: -Қар  жауады (таза ауамен дем алу)

                 -Жел болады (ырғалып тұрады)

                 -Боран болады (ш-ш-ш-ш-ш)

                 -Аяз болады (беттерін,қолдарын қыздырады.)

Ойын : «Қар тасу»

Мақсаты:Балалар шелекпен жарыса қар тасу ,өздерінің ептіліктерін көрсету.

Шарты: екі топ балалары белгілі бір жерге дейін шелекпен қар тасиды.

Қорытынды:Осымен балаларға арналған «Қыс қызығы»атты ойын-сауық кешені

                         өз мәресіне жетті. Жеңген топты марапаттау.Сау болыңыздар!

 

                                       

 

                                                   

Просмотров: 1520


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст