2020 жылы 7 ақпан күні «Айгөлек» бөбежай-балабақшасында «Инновациялық – жобалық қызмет балабақшада білім беру қыметін ұйымдастыру формасы ретінде» облыстық аймақтық семинар-практикум өткізілді. Семинарға Көкшетау, Макинск қаласының, Бурабай, Біржан сал, Зеренді, Бұланды аудандарының мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтары қатысты.
Семинар барысында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері Кожахметова Айман Негметжанқызы, Нұрмагамбетова Гүлназ Заркейқызы сөз сөйледі.
Семинар –практикумның практикалық бөлімінде Бұланды ауданының «Айгөлек» бөбекжай-балабақшасының педагогтарымен: «Қазақтың салт-дәстүрлері» – Исмаилова Рыскүл Бердыбекқызы, «Менің сүйікті қалам» – Синица Елена Александровна, «Тіл-халық қазынасы» – Фогель Анна Евгеньевна, Зияткерлік ойын «Не? Қайда? Қашан?» –Баяхметова Әсемгүл Кенелқызы және Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері Кажахметова Айман Неғметжанқызы«Инновациялық-жобалық әдістің білгірі болғысы келетіндер» педагогикалық импровизация өткізді.
Бурабай, Біржан сал, Зеренді, Бұланды аудандарының педагогтары балабақшадағы ұзақ мерзімді инновациялық-жобалық қызмет әдістерімен, жоспарлы, жүйелі, тәрбиелік-білім беру, инновациялық – шығармашылық, оңтайлы және перспективалық әдістемелердің негізгі бағыттары бойынша балалар мен ата-аналарды әр-түрлі қызмет түрлеріне тартудың негізгі бағыттары жөнінде пікір алысты.
Бұдан әрі бірлескен жұмыс үшін әдістемелік ұсынымдар қабылданды, сондай-ақ облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сертификаттары мен алғыс хаттары табыс етілді.