«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Айгөлек» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Айголек» города Макинск при отделе образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ойын сауық : «Жаздың шуақты күндері!»

13.06.2023

Ойын сауық : « Жаздың шуақты күндері ! »

Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Жазғы табиғат әсемдігін қабылдай білу дағдыларын қалыптастыру. Гүлдерге, көбелектерге сүйіспеншілікпен қарауға және олардың сұлулығын көріп, қабылдауға тәрбиелеу. Мереке өтетін алаң әдемі безендірілген, ағаштар,муляждар, шарлар, гүлдер Кейіпкерлер: Жаз мезгілі, Карлсон, Көбелек, Ара, Түймедақ, Раушангүл,

Күз ханшайымы. Жүру барысы: Жүргізуші: Құрметті балалар! Бүгінгі «Жаздың шуақты күндері» атты ойын сауығымызға қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Мінекей жаз мезгілі де аяқталып та келе жатыр . Ендеше балалар, бүгін жаздың ең қызықты күндерін мерекелік ойын-сауық арқылы қызықтап, тамашалайтын боламыз.

Жүргізуші : Күлімде, күн күлімде,

Жер жасарып, көгерсін.

Жаз келді деп қуанып,

Шаттанады бүлдіршін.

Жүргізуші: Ендеше балалар, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Сендер жұмбақ шешуге дайынсыңдар ма? Балалар: Иә. Жұмбақ жасыру: Бау-бақшада барша жұрт

Саңқылдаған саз әні

Көлде құстың базары

Жидек пісіп толады.

Бұл қай кезде болады? Балалар: Жаз мезгілінде.

Жүргізші: Балалар, жаз мезгілі екенін қайдан біліп тұрсыңдар?

Балалар: Күн ысиды, гүлдер өседі, көбелектер ұшады, суға шомыламыз, қауын-қарбыз жейміз. Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар балалар, әрине жаз мезгілі.

( Әуенмен Жаз мезгілі келеді)

Жүргізуші: Балалар, олай болса, жаз мезгілі бізге қонаққа келіпті. Қош келдіңіз, жоғары шығыңыз!

Жаз мезгілі: Сәлем, сәлем балақайлар!

Шат көңілді балақайлар!

Мол шуақты ала келдім

Қуаныңдар алақайлап.

Құстар әнін сала келдім,

Жерге кілем жаба келдім.

Жан бітіріп табиғатқа,

Гүлдерімді ала келдім.

Түймедақ: Түймедақ деген гүл болам

Достарым менің қызғалдақ

Өсетұғын жайқалып

Көп болса екен саябақ. Раушангүл: Құлпырған мен раушан гүлімін,

Жапырағым жайылған,

Сұлулық бар бойымда

Тамырым кең тараған.

Жүргізуші::Балалар, біз жазды жақсы көреміз бе?

Балалар: Иә.

Жүргізуші: Ендеше балалар бәріміз орынымыздан тұрып, тамаша әнімізді орындап берейік.

Ән «Алақай жаз келді»

Жүргізуші:Жаз мезгілі біздің балаларымыздың сізге арнаған өлең шумақтары бар, соны тамашалаңыздар.

Бала: Жайқалып жапырақ,

Құлпырып қызғалдақ.

Тұратын көз тартып,

Жаз келді күн шуақ.

Бала: Жарқырап күн ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Біз көңілді боламыз,

Біз сүйкімді баламыз.

Бала: Жаз келді алақай,

Ойнаймыз далаға.

Қамалып отырмай,

Жүріңдер, балақай!

Бала: Көк шығып айнала,

Құлпырып гүлдермен,

Жер жүзі жайнайды,

Құстар кеп сайрайды.

Бала: Жаз келіпті дегенше,

Алма пісті дегейсің.

Бақшамызда ендеше

Алма теру көбейсін.

Бала: Біз әдепті баламыз,

Жайнай берсін даламыз.

Табиғатқа қамқор боп,

Сүйіспеншіліупен қараймыз. Әуенмен Карлсон ұшып келеді. Жүргізуші: Карлсон, сен қайдан келесің? Карлсон:Мен балалардың тақпақтарын, әндерін естіп, дауыстарына қарай ұшып келдім. Мында не болып жатыр?

Жүргізуші: Карлсон қош келдің, біздің балаларымыз жаздың ең қызықты күндерін тойлап жатыр,бізбен бірге бол, балаларымыздың өнерін тамашала.

Карлсон: Жақсы болды, олай болса мен балалармен ойын ойнағым келіп тұр. Балалар ойын ойнағыларың келе ме?

Балалар: Иә.

Ойын: «Кім шапшаң?»

Ойын шарты:

1.Әуен ойналады. Ортаға балалар шығып, үстел үстіндегі жаз мезгіліне байланысты суреттерді алып, өз орындарына апарып орналастырады.

2. Үстелдің үстінде шашылған және араластырылған суреттер арасында жыл мезгілдері бейнеленген, балалар қай белгі артық екенін тауып орналастырады.

Жүргізуші: Рахмет Карлсон, біздің балаларымыздың көңілін көтеріп,жақсы ойын ойнаттын.

Тосын сәт: (Әуенмен Көбелек пен Ара айтысып келеді).

Көбелек: Қазір жаздың соңғы айы, жаз мезгілі аяқталып қалды.

Ара: Жоқ, жаз мезгілі енді басталды, мен қысқы азығымды әлі жинап болған жоқпын, енді қайттім?

Көбелек:Ара сен мұңайма, кел балалармен жаздың қызықты күндерін бірге өткізейік.

Жүргізуші:Ара Көбелек дұрыс айтады, келіңдер біздің балалардың өнерін бірге тамашалаңдар!

Жүргізуші: Ендеше кішкентай қыздарымызды «Аралар» биімен қарсы алайық.

Би: «Аралар»

Жүргізуші: Балаларымыздың жаз мезгіліне арнаған тақпақтары бар екен. Балаларымызды ортаға шақырайық.

Бала: Жаз келді жадырап,

Ағаштар гүлдеді.

Жаңбыр жауып нөсерлеп,

Жер-ана көкке бөленді.

Бала: Көбелектер би билеп,

Еңбекші ара бал жинап,

Балалар тоймай ойынға,

Өтеді жаздың әр күні.

Бала: Жазды ыстық сүйемін,

Сайрандап жүремін.

Суына шомылып,

Күніне күйемін.

Бала: Жаз келді жадырап,

Ойын-сауық құратын.

Далаларға, тауларға

Саяхатқа шығатын.

Бала: Көңілді жаз, тамаша,

Күледі күн, қараса,

Жағасында ойнаймыз,

Жалаң аяқ балаша.

Жүргізуші: «Көбелектер» биімен кішкентай бүлдіршіндерімізді қарсы алыңыздар.

Би: «Көбелектер» Жүргізуші: Той пердесін ашайық,

Мерекеге шашу шашайық.

Бәріміз ду құрметпен,

Ән маржанын шашайық - дей келесі кезекте балаларымыздың орындауында «Көбелек» әнін қабыл алаңыздар.

Ән: «Көбелек»

Жаз мезгілі: Міне, балалар, бүгін сендер жаз мезгілінің ең қызықты күндерін тойладыңдар. Барлықтарын өнерлі екенсіңдер, көп рахмет! Менің кететін уақытым болды. Ендеше мен Күз ханшайымын шақырайын. Келесі жазда кездескенше! (Әуенмен Күз ханшайымы келеді). Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Ырысқа толы қоймалар,

Сабан тойы тойланар.

Берекелі күз болам,

Байлыққа мұртын майланар. Сендер мені шықырдыңдар ма? Үш ай бойы мен сендермен бірге боламын! Мен өзіммен бірге сыйлықтарымды ала келдім. Жүргізуші: Рахмет, саған Күз ханшайымы! Қабыл алдық сыйды біз! Күз ханшайымы сыйлықтарын таратады. Жүргізуші: Міне, балалар бүгін осылай жаз мезгілімен көңілді мерекемізді өткіздік. Осымен бүгінгі «Жаздың шуақты күндері» атты ойын-сауығымыз аяқталып қалды. Баршаңызға көңіл қойып тамашалағадарыңызға көп-көп рахмет. Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!

 

Просмотров: 2110


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст