МКҚК «Айгөлек» бөбекжай-балабақшасында» «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының нормаларын түсіндіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
Ағымдағы жылдың 10 қаңтарында «Айгөлек» балабақшасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Сыбайлас жемқорлықпен күресуге арналған дөңгелек үстелге балабақша тәрбиешілері қатысты.
Жиын басында әдіскер Б.С.Айтымова сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі ережелері мен талаптарын түсіндіре отырып, сөз сөйледі. Балабақшада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының нормаларын түсіндіру жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Қоғамда, оның ішінде біздің балабақшада қажет болған жағдайда өтініш бере алатын қызметкерлер мен үшінші тұлғалар үшін құпия ақпараттың бірыңғай арналары бар.