«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Айгөлек» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Айголек» города Макинск при отделе образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Сиқыршы күз» ( «Тамшылар» кіші тобына арналған ертеңгілігі), тәрбиеші Каиржанова О.Х.

06.12.2022

«Сиқыршы күз». 
«Тамшылар» кіші тобына арналған ертеңгіліктің сценариі.

 Балалар ән ырғағымен залға кіріп, шеңбер бойынша тұрады)

 Жүргізуші: 
Береке бақ дарыған, 
Жомарт көңіл, жарқын жүз. 
Сары алтынға малынған, 
Жетті міне, алтын күз! 
– Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біздің зал қандай әдемі, қаншама 
түрлі – түсті жапырақтарға толы. Балалар, бүгін бізде қандай мереке? 
Балалар: Күз мерекесі

(Балалар отырады, тарсылдаған жаңбырдың дауысы естіледі)

 Жүргізуші: Ой, балалар! Естіп тұрсыңдар ма? Жаңбыр жауайын деп тұрған сияқты. Жаңбыр жауып кетсе мерекені қалай тойлаймыз.
(жаңбырдың даусымен залға бұлт кіреді)

 

Бұлт: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

 Балалар: Сәлеметсіз бе!

Бұлт: 
Күзгі көк бұлт мен болам 
Көтеріліп теңізден, 
Аспанға биік барамын 
Қаласам қазір сендерге 
Жаңбыр болып жауамын 

Жүргізуші: Біздің балабақшада бүгін күз мерекесін тойлағалы жатырмыз.Қош келдіңіз !
Жаңбыр, жаумай тоқтай тұр, 
Дабылыңды соқпай тұр. 
Саяғынды түгендеп, 
Үйіріңді соқпай тұр! 
– Біз сен жайлы ән білеміз және осы әнді саған сыйлаймыз.

 Ән-би: «Жаңбыр тамшылары»

 Бұлт: Рахмет, балалар! Қандай әдемі ән! Сендер жаңбырдан қорықпайсыңдар ма?

 Балалар: Жоқ! (жүргізуші білдірмей қолшатырды алады)

 

Бұлт: Аяқтарыңды сулаймыз деп қорықпайсыңдар ма?

Балалар: Жоқ!

Бұлт: Қалай сендер барлықтарың батылсыңдар?

 Жүргізуші: Міне, біз қандай батылмыз! 
(қолшатырды жазып, балаларды астына тығылуғы шакырады)

Бұлт: Сеңдердің ойнағыларын келеді ғой, мен сендерді тез ұстап аламын.

 Ойын: «Жаңбырдан қорықпаймыз»

 Жүргізуші балалармен: 
Жаңбыр, жаңбыр, жау, жаңбыр! 
Жаңбыркеліпжауады 
Тамшылары тамады.

(Әннің ырғағымен балалар жүгіріп ойнайды, Бұлт орындықта отырып ұйықтайды. Бұлт балалардың даусынан оянып, оларға су шашады, сол кезде балалар қолшатырдың астына тығылады.

 Бұлт: Балалар, сендер барлығын жылдам және шапшаң екенсіңдер, мен сендерді ұстай алмадым.

 Жүргізуші: Бұлт, сенімен өте көңілді. Балалар сенімен ойнады, күлді, бірақ бізге әлі де біреу жетіспейтін сияқты. Бізде Алтын күз жоқ екен. Қане, балалар, бәріміз күнді қонаққа шақырйық қолымызға жапырақтарды алып билесек, күз бізді байқап, өзіде келіп қалар.


 

Күз келеді.

Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар! 
Ырысқа толы қоймалар, 
Сабан тойы тойланар. 
Берекелі күз болам, 
Байлыққа мұртың майланар. 
– Сендер мені шақырдыңдар ма?

 Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Алтын Күз! Сізді шақырған біздің балалар өзіңізге арнап жаттаған тақпақ әндерін қабыл алыңыз.

Ән: «Күзгі вальс»

 Ойын: «Тамшылар мен жапырақтар» 
(Кілемге үстінде тамшылар мен жапырақтар шашылып жатады. Балалар шығып, бірінші себетке тамшыларды, екінші себетке жапырақтарды жинайды.)
1 бала: Ислам

Көрініп еліме
Күндері мереке.
Келді ғой жеріме
Күз дейтін мереке.

2 бала: Ерден
Алақай! Алақай!
Шаттандыбалақай!
Күзтүсті, дәнпісті.
Айтамызалғысты

3бала: Ева
Жапырақ ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызықкөпкүзде

4 бала: Жасмина

Келдімінекүз,
Айналасарытүс.
Керемет, тамаша,
Қандайәсемкүз.

5 бала: Игнат

Сарғайды тоғай

Сап-сары маңай.

Соңғы әнін айтып

Құс кетті қайтып.

6 бала: Амирхан

Күз айы басталды
Құстар қайта бастады
Жапырақ сарғайып
Жерге түсе бастады

Музыка ойналады, Тышқан кіреді.

Тышқан: Сәлеметсіз бе, ұлдар мен қыздар! Бала – бақшаның қасынан өтіп бара жатып, сендердің күлгендеріңді естіп қалдым да, кіріп шығайын деп ұйғардым.

Жүргізуші: Қонақ бол, Тышқан.

Тышқан: Бүкіл балалар керемет, тамаша. Бірақ менің білгім келеді, ойын ойнауды ұнатасыңдар ма?

 

Ойын «Шалқан»

 

(Балалар шеңбер жасап тұрады, ал ортада шалқан, шеңбердің сыртында тышқан. Балалар қол ұстасып айтады: Шалқан, щалқан үлкен болып өсші. Айтып болған соң шалқан қашады, ал тышқан қуады)

Жүргізуші: Ал енді, балалар, көздерінді жұмып, тұра тұрындар.

(үлкен шалқан әкеледі, ішінде алма) 1,2,3,4,5. Көздіашуға болады!

Тышқан: Шалқан, қандай әдемі. Шынымды айтсам, щалқанды жақсы көремін.

Жүргізуші: Тышқан тұра тұр! Балалар да щалқанды жақсы көреді. Бұлшалқанжәйемес, ортасы бос емес. Бір-біріміздінартынантұрып, шалқандыбізтартайық. (Балаларшалқандытартады, Тышқанөзбетіментұрадыкөмектескісікелмейді).

 

 

 

 

Жүргізуші,балалар: Тартамыз, тартамыз, тартаалмаймыз

Жүргізуші: Жарайсындар, балалар!

Музыка ойналады, Тышқан шалқанды жарады да, ішінен алманы алады.

Тышқан: Қарандар, балалар! Бұл ғажап қой! Бұл алмалар қайдан шықты?

Балалар: Шалқаннан!

Күз Аруы: Міне, қандай біздің шалқан. Балаларғаалмасыйлаған! (алматаратылады)

Тышқан: Жақсыбізкөңілкөтердік, әнайттық, би биледік. Сендерменбіздостастық.

Жүргізуші: Қоштасатынуақыткелді, сауболыңыздар!

Ән: «Алтын күз»

 

 

 
Просмотров: 381


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст