«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Айгөлек» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Айголек» города Макинск при отделе образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бақытты отбасы (сахналау)

27.11.2019

Мақсаты: «Бақытты отбасы» құндылығы туралы түсініктерді, отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, өз ойларын дұрыс  жеткізе білуге үйрету;
Міндеттері: Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз.

Адамгершілікке тәрбиелеу.
 Отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы 
тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту;
 Отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, 
дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.
Әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, сахналау.
                                                 Кіріспе

Тәрбие отбасынан басталады. Отбасының тірегі әлпештеген әке мен аялаған ана.
Ата - анаға, үлкенге қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу – біздің борышымыз. Ата - ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана - отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы.

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. 
Залдың іші безендірілген, баяу музыканаң дауысы есітіліп тұрады.

Бөлме ішінде қыз отбасы туралы сурет салып бояп отырады. Әкесі компьютермен жұмыс жасап отырады, ал анасы болса ас үйде телефонмен, ағасы  басқа бөлмеде теледидар көріп отырады.

Қыз: Бөлмесінен жүгіріп шығып салған суретін әкесіне көрсетеді.

Әкешім қарашы мен әдемі етіп сурет салдым –деп көрсетеді

Әкесі:Айналайын қызым бара қойшы анаңа көрсет менің қолым тимей жатыр деп –жұмысын істей береді.  Қызы тағы қарашы әкешім дейді

Әкесі: Зілді дауыспен бар дедім- қызым анаңа  көрсет,шаруам басынан асып жатыр жұмысты сендер түсінесіңдерме?

Қыз: Жылап анасына келеді.

 Анасы:Осы кезде анасы ас үйде телефонмен сөйлесіп отырады

Қыз: Анашым ,анашым қарашы мен әдемі отбасы туралы сурет салдым

Анасы:  Қызым, сосын көрем қолым бос емес деп- телефонмен отыра береді

Қыз: Анашым   қарашы деп тағы айтады

Анасы:Тыңдамай телефонмен суретке түсіп отыра береді

Қыз:Жылап барып ас бөлмеде отырады

Осы кезде есік қағылады

Анасы:  Али қарашы осы уақытта кім келді?

Ұл:  Жүгіріп барып есік ашады.Қуанып атам,әжем келді деп амандасады.

Осы кезде келіні шығып ата әжесімен амандасып үйге кіргізеді.

Ұл: Ата,әже сендерді сағындым

Әжесі:   Құлыным бізде сендерді сағынып келдік

Атасы: Жарығым деп басынан иіскеп сүйеді

Осы кезде әжесі балаларға әкелген базарлығын келініге береді.Келіні ас бөлмеге келіп шай дайындап жатады.Қызым бар ауылдан атаң мен әжең келді амандас

Қыз:Қолында  суреті бар атасы мен әжесіне келіп құшақтап амандасып болғасын суретін көрсетеді . Атасы мен әжесіне суретін көрсетеді

Атасы: Ой қандай әдемі өзін салдыңба?

Қыз:  Иә , ата әже өзім салдым ,әкем мен анама көрсетіп едім олар суретімді көрмей қойды деп ренжіп айтады.

Әжесі: Не-дейді әкең мен анаң неге көрмедің оларға не болған

Атасы: Али балам әкеңді шақыр дейді

Осы кезде келіні  дастарханханға шақырады. Немере қызы әжесін қолынан жетелеп үстел басына отыроғызады. Немере ұлы атасын, әкесі ұлымен келіп бәрі жиналып дастархан басына отырады. Үстел басында әңгімелерін жалғастырады. Барлығы дастархан басына жайғасып шай ішіп әңгмелеседі.

Атасы: Балам жұмысын қалай?

Әкесі:  Қалай болушы еді сол баяғы мектеп қой, қазір жаңа бағдарламаға көшіп жатырмыз ,бұрынғыдай баға қоймаймыз барлығы компьютермен жасайсындар деп жатыр.

Әжесі: Балам –ау компьютерде коп отырма зиян көзін нашарлайды.

Біздің заманымызда компьютер телефон дегендер болмаған, қазір барлығы басқаша болып  кеткен

Әжесі: Ал кәне қызым суретінді көрсетші бұл кімдер?

Қыз:  Әкем, анам ағам мен жарайсың

 Әжесі: Жарайсың ботақаным атасы қарашы бақытты отбас ы деген осы ғой қандай әдемі десеңші

Атасы: Бәрекелде балам өркенің өссін

Анасы: Менің қызым қандай сурет салған

Әкесі: Неге балаға қарамайсын  телефоннан  бір қолың  босамайды үйде отырып балаларға неге көңіл бөлмейсін, мен  болсам  күні-түні жұмыстан босамаймын деп әйеліне айтады

Анасы: Мен күні бойы үй жинаймын,тамақ пісірем,кір жуамын телефонда отырып сауда сатамын балаларды сабаққа жиберем, меніңде жұмысым толып жатыр.Өзің неге қарамайсын деп ұрыса бастайды

Әжесі: Менің құлындарым тақпақ айтып берем дейді

Қыз:   Отбасым - менің жүрегім
           Отбасым - менің тірегім
           Отбасым – менің Отаным
           Тек сен деп соғар жүрегім

Ұл:  менде тақпақ айтамын дейді

Атасы: Айта ғой құлыным

Ұл:  Атамнан басталар,

       Әжемнен қосталар

       Отбасым мынылар:

       Ең жақын адамдар

       Әкем мен анам бар,

       Бір туған ағам бар

       Бір туған апам бар..

        Бәрін жақсы көремін,

        Еркелеймін,еремін!

Әжесі: Жарайсыңдар балаларым

Әкесі: Атадан бата сұрайды

Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің.

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін.

Денсаулығың мықты болсын,

Абыройың зор болсын.

Қайда барсаң алдыңнан,

Жарқыраған жол болсын.

Бастарыңа бақ берсін,

Не берсе де, нақ берсін.

Қырда жүрген Қыдырды

Үйлеріңе ап келсін.

Қарындарың тоқ болсын,

Қайғыларың жоқ болсын.

Шүпірлеген үйіңде,

Балаларың көп болсын.

Әумин!

Атасы: Балам-ау   бір уақыт отбасынада көңіл бөліп қойсайшы балаларын өсіп       келе жатыр. Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс – тіршілік әкеледі. «Үйлену оңай – үй болу қиын» дейді халық мақалы. Отбасының іргетасы ер азамат пен әйел адамның ақ неке қиып, отау тігуінен құралады. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек.

Просмотров: 1332


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст