«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Айгөлек» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Айголек» города Макинск при отделе образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дидактикалық ойындар. Тәрбиеші Нуржанова А.М.

06.10.2022

Дидактикалық ойындар «Біз автобустамыз»

Мақсаты:

Білімділік: Балалардың көлік түрлері туралы білімдерін кеңейту, түсінік беру, көлік түрлерін атату.

Дамытушылық: Автобус туралы түсінік бере отырып, ойлау қабілеттерін дамыту. Автобустың пайдасы жөнінде әңгімелету, жүргізуші жөнінде түсінік беру.

Тәрбиелігі: Үлкендер еңбегін бағалауға, үлкендерді құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.

Керекті құралдар: Автобус, көлік, жүргізуші.

Ойынның шарты: тәрбиеші балаларға ойынның шартын түсіндіреді.

Балалар автобусты кім жүргізеді?

Балалар-жүргізуші.

Ендеше балалар біздер жүргізуші сайлап алайық. Қазір біздер автобуспен әже ауылына саяхатқа барамыз. 

Автобусқа мінген кезде асықпай мінеміз. Орнымызға жайғасып отырамыз, шуламаймыз.

Қане балалар бәріміз жайғасып отырдық па? Енді әже ауылына жеткенше өлең айтып барайық деп балалармен бірге ән айтылады.

 

          

 

           Геометриялық пішіндерге арналған дидактикалық ойындар

Тақырыбы: «Дәл осындай пішінді тап»

Мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, пішіндерді атауға, ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру.

Ойынның құрал-жабдықтары: бала саны бойынша құлыптың суреттері, геометриялық пішіндер.

Ойынның мазмұны: алдарындағы сиқырлы құлыпты ашуды ұсыну. Құлыптың кілттері де сиқырлы, геометриялық пішіндерден құралған екенін айту. Әр бала құлыпқа сай келетін кілтті алып, құлыпты ашады.

 

 

 

 

Тақырыбы: «Үйдің есігін жабайық»

Ойынның мақсаты: заттарды өлшемі бойынша салыстыруға, жуан және жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары: үйдің, есіктің суреттері.

Ойынның мазмұны: қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін балаларға тарату. Жуан және жіңішке есіктерді үйдің өлшеміне сай келтіріп салуды ұсыну.

 

 

 

Тақырыбы: «Үй құрылысының ретін көрсет»

Ойынның мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру, ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары: баланың саны бойынша әртүрлі түсті жолақтар, пішіндер, үй суретінің үлгісі.

Ойынның мазмұны: балаларға үйдің суретінің үлгісін көрсету. Балаларға әртүрлі жолақшаларды, пішіндерді таратып беру. үлгіге қарап осы пішіндерден үйді құрастыруды ұсыну.

 

 

 

 

Тақырыбы: «Әдемі кілемшелер»

Ойынның мақсаты: бөліктерден кілемше жасауға үйрету, қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Ойынның құрал-жабдықтары: қағаздан жасалған кілемшелер, геометриялық пішіндер.

Ойынның мазмұны: балалар геометриялық пішіндерді берілген кілемшелердің үстіне қойып, құрақ құрайды.

 

 

 

Тақырыбы: «Пішіндерді боя»

Ойынның мақсаты: түстерді тани білуге үйрету, ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылықтарын арттыру.

Ойынның құрал-жабдықтары: геометриялық пішіндер.

Ойынның барысы: балаларды ұйымдастырып, оларға ақ бет қағаздағы пішіндердің суреттері таратылып беріледі. Бұл суреттегі пішіндер боялмаған. Тәрбиеші балаларға тақтаға боялған пішіндерді ұсынады. Балалардың  міндеті сол тақтадағы түстеріне қарап алдарындағы пішіндерді сондай түспен бояйды. Мұндай ойын балалардың түсінулерін және шапшаңдықтарын шыңдайды.

 

Тақырыбы: «Зейінді бол»

Ойынның мақсаты: биік және аласа ұғымдарын бекіту, логикалық ойлауын дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары: биік және аласа заттар бейнеленген суреттер немесе ойыншықтар.

Ойынның мазмұны: балаларға биік және аласа заттардың суреттерін немесе ойыншықтарын қарастыруды ұсынады. Әр суретте не бейнеленгенін анықтау. Биік затты көрсеткенде балалар орындарынан тұрады, аласа затты көрсеткенде бастарын төмен түсіреді.

 

 

Дидактикалық ойындар «Біз автобустамыз», «Дәл осындай пішінді тап», «Үй құрылысының ретін көрсет», «Пішіндерді боя»

Просмотров: 417


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст