«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Айгөлек» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Айголек» города Макинск при отделе образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызмет туралы

08.04.2019

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жоғарылату — сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ету және мемлекеттік органдар қызметіне азаматтардың сенімін жоғарылатудың басты аспектісі.

Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

  1. көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
  2. мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
  3. мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;
  4. мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
  5. мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;
  6. мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.

 

«Бұланды аудандық Білім бөлімінің «Айгөлек» бөбекжай-балабақша мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсететін білім ұйымы.

мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде көрсетіледі.

2018 жылы 30 қызмет мемлекеттік орган арқылы көрсетілген.

 

2. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау»

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны:қағаз түрінде көрсетіледі.

  1. жылы   мемлекеттік орган арқылы қызмет көрсетілген жоқ.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат «Айгөлек» бөбекжай-балабақша МҚҚК-нің көпшілікке қолжетімді орындарында арнайы ақпараттық стенділерде, сондай-ақ «Бұланды ақпарат» аудандық газетінде жарияланады. 2018 жыл бойынша 2 мақалалар жарияланып, 3 семинар өткізілді.2018 жылы «Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру» тақырыбында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша біліктілігін арттыру курстары өткізілді, курсқа бөбежай-балабақшаның  2 маманы қатысты.

«Айгөлек» бөбекжай-балабақша» МҚҚК-нің мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнына 2018 жылдың 1 қантар айынан 31 желтоқсан айы аралығында қызмет алушылар тарапынан шағым түскен жоқ.

Байланыс телефондары:

Макинск қ, Карьерная кошесі, 10А «Айгөлек» бөбекжай-балабақша» МҚКК тел.4-00-25.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00-ден 17.00-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ға дейін.

Просмотров: 311


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст