«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Айгөлек» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Айголек» города Макинск при отделе образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Түрлі-түсті дөңгелектер" (ерте жас тобы топ) .Тәрбиеші: Каиржанова О.Х.

17.02.2022

"Түрлі-түсті дөңгелектер"

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Ерте жас:«Балапан» тобы
Тақырыбы: Түрлі - түсті дөңгелектер
Білім беру саласы: «Таным»
Тарауы: Сенсорика
Мақсаты: Балаларға негізгі төрт түстерді топтастыруға үйрету: қызыл, сары, көк, жасыл.

1.Білімділік: Түстерді ажырата білуге баулу.Түстер туралы білімдерін кеңейту.

2.Дамытушылық: Сенсорлық ойлау қабілетін дамыту,ой-түйсігін қиялын дамыту. 

3.Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа, байқампаздыққа, жұмысын аяғына дейін орындауға  тәрбиелеу.

Алдын – ала жұмыс және оқу іс - әрекетіне дайындық: «Түстерді қайталау»
Сөздік жұмыс: Қызыл, жасыл, көк, сары
Дидактикалық құралдар: кубиктер, доптар, пирамида, қуыршақ
Билингвальді компонеті: Қызыл - красный, Көк - синий
Сары - желтый, Жасыл - зеленый
1– кезеңТәрбиешінің іс –әрекеті:

Шаттық шеңбері:

Бала,бала, балақан, Қане, қайсы алақан.

Саусақтарың әйбат,Былай-былай ойнат.

Үстел –үстіне доптар, пирамида, кубиктер қойылады.
Мақсаты:Түрлі – түстерге тоқталу. Балалардың ойынға деген қызығушылықтары артады.
2– кезең 
Қане түзу отырайық
Амандасып алайық,
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қайырлы таң!
Балалар қане, қазір біз түрлі – түстерді ажыратып үйренеміз.
1 – ші «Кубиктер»
Ал, қане балалар қараңдаршы менің қолымдағы кубикке, (бәріміз бірге қайталаймыз)

Кубиктің түсі қандай?

Балалар, бұл кубиктің түсі қызыл (красный) (бірге қайталау)

Балалармен барлық кубиктердің түстерін ажырату.
Ал балалар енді, келесі «Түрлі түсті доптр»
Балалар, қараңдаршы менің қолымдағы допқа, мынау міне доп! (бірге қайталау)

Доптардың түстерін бірге қайталау (қызыл-красный, сары-желтый, көк-синий,жасыл-зеленый)

Доп дөңгелек, қазір мен осы допты алақан арасына салып домалатамын, бәріміз мұқият қараймыз доп дөңгелек (мячик круглый)

 Енді, мен сендерге осы доптарды таратып беремін, алақан арасына салып домалатамыз

(тәрбиешінің іс-әрекеті)

Қане, балалар, қандай әдемі доптар! (Музыкамен)
Жарайсыңдар балалар!

Бізге қонаққа қуыршақ келіпті (амандасуы)

Олай, болса қуыршақтың саусақтарын санаймыз (1,2,3,4,5)

Балалар бәріміз бірге қолымыздағы саусақтарды санайық.
Саусаққа арналған жаттығу:

1,2,3,4,5,оң қолымыз

1,2,3,4,5 сол қолымыз

Алақанды ашамыз, беске-бесті қосамыз!

Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп аламыз,

Қалтамызға саламыз.
3 - ші «Пирамида»
Балалар бірінші біз пирамиданы жинамас, бұрын ең үлкенінен кішісіне қарай жинаймыз. Ал балалар апаймен бірге жинаймыз. (Музыкамен)
Жарайсыңдар балалар!
Бірінші: «Кубиктер», «Түрлі-түсті доптар» , «Пирамида»
Балалар қуана – қуана қызығушылық танытып түстерін атап беруге тырысып,

тәрбиешімен бірге қайталайды.
ІІІ – кезең Қорытындылау:
Қане, балалар бәріміз үстелге жақындаймыз, бүгін біз сары, жасыл, көк, қызыл түстерімен таныстық, енді сендер жақсы білетін боласыңдар.
Балалар бүгін қандай жұмыс жасадық?
Қандай түстер үйрендік?
Мадақтау: Жарайсыңдар балалар!
Балалар берілген кубик, доптармен, пирамидамен арқылы ойындар ойнадық.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Түстерді, дөңгелектерді
Түсінеді: Доптар арқылы түстерді, ойын арқылы топтастыруды.
Меңгереді: 4 түстерді топтастыруға үйренеді

 

Просмотров: 513


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст