«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Айгөлек» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Айголек» города Макинск при отделе образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі "Ғажайып қыс" , тәрбиеші А.К.Баяхметова

09.02.2022

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Топ: кіші

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу, құрастыру, жапсыру

Тақырыбы: «Ғажайып қыс» (мақта таяқшаларымен сурет салу)

Мақсаты:мақта таяқшаларын қолдана отырып, балаларға қар ұшқынына өрнектер салудыүйрету. Балалардың қыс туралы түсініктерін қалыптастыру.

Білімділік:

Қар бүршіктерін мақта таяқшаларымен өрнектер салу қабілетін бекіту.

Балалардың қыстың белгілері туралы білімдерін бекіту (қыста суық, қар жауады, қар шатырларда, жолдарда, ағаштарда болады,  қыста  көңілді, қысқы киім)

Қардың қасиеті туралы түсінік қалыптастыру (қар бүршіктерінен тұрады, суық, мамық, жұмсақ).

Қарапайым себеп-салдар байланысын орнатуға үйрету (жылы, қол мен жылы бөлмеде қар ериді).

«Қыс», «киім» тақырыбында  балалардың сөздік қорын жандандыру.

Дамытушылық:

Қармен тәжірибе жасауға зерттеушілік және танымдық қызығушылықтарын дамыту.

Ересек адамның ауызша нұсқауларына сәйкес сөйлеу,  көңіл бөлу, әрекет ету қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:

Қайырымдылық, мейірімділікке, табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

Бірлескен қызмет процесінде бір-бірімен қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу.

Алдын ала жұмыс:

Қыс туралы көркем әдебиет (өлеңдер, ертегілер , жұмбақтар) оқу.

Әңгімелер, қыс туралы суреттерді қарау.

Серуенде қар жауғанын,  ағаштар мен бұталардың қар жамылғысын бақылау. Қыс тақырыбына қимылды ойындар ойнау.

Дидактикалық ойындар: «Бұл қашан болады?». «Жыл мезгілдері». «Біз қуыршақты серуендеуге киіндіреміз».

Сөздік жұмыс:

Ақ, суық, мамық, жарқыраған,  жылтыр, күміс, қытырлақ, жұмсақ, ериді, жатыр, ұшады, аң, қыс.

Материалдар мен жабдықтар: жылы киімдегі Маша қуыршағы, қар шелегі, қағаз қар бүршіктері, ақ гуаш бояуы, мақта таяқшалары, дымқыл майлықтар.

Барысы: Тәрбиеші: 

Шаттық шеңбері:
Қол алысып кәне біз,
Достасайық бәріміз.
Армысың Алтын күнім!
Армысың балабақшам!
Армысың достарым!
Сендерді көріп қуандым,
Тәрбиеші: Керемет, балалар! Барлықтарын орындыққа жайғасыңдар.

Мен де сендерді көріп қуанып тұрмын. Балалар бүгінгі қуанышты күнімізді амандықпен, қуанышпен бастадық. Ал ендеше сендердің қаншалықты тапқыр екендіктеріңді білгім келеді.

Балалар орындыққа отырады.

Ол үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын.

Қыста ғана болады
Ұстасаң қолың тоңады.(Қар)

Жарайсыңдар,  балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс мезгілі)

Қыс мезгілі екенін қайдан білдіңдер?

Балалар: далада суық, қар жолдарда, шатырларда, ағаштарда жатыр. Жылы киімдерімізді киіп жүрміз. Ағаштарда жапырақтар түсіп қалды.

Тәрбиеші: Балалар, ия қыс-жыл мезгілдердін ішіндегі ең әдемісі. Қыс сендерге несімен ұнайды?

Балалар: Аққала жасауға болады.Қармен ойнауға болады. Шана, шаңғы тебуге болады.

Тәрбиеші: Ия, дұрыс айтасыңдар.

Үстел үстінде шелек, күрек, шелекке салынған қар тұрады.

Топқа есікті қағып Айсұлу (қуыршақ келеді)

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы бізге қонаққа қуыршақ Айсұлу келіпті.

                               (Қуыршақты орындыққа отырғызу.)

Тәрбиеші: Балалар, қуыршақ Айсұлумен амандасайық. Айсұлу далада серуендеп жүріп, бізге келген екен.

Тәрбиеші: Балалар қуыршақ(дидактикалық қуыршақ) қалай киінген екен?

Балалар: Жылы тон, жылы етік, жылы бас киім, жылы қолғап, жылы шалбар, барлығы жылы киім киген. Жылы тонын, бас киімі мен аяқ киімін шешкізіп бізбен бірге отырғызайық.

Тәрбиеші қуыршақты жылы киімдерін шешіп отырғызады.

Тәрбиеші: Ия, дұрыс, балалалар Айсұлу жылы киімде, яғни қыс мезгіліне тән киім киіп алған. Себебеі, қазір қыс мезгілі.

Тәрбиеші:Балалар, Айсұлу бізге келе жатқанда сендерге қар бүршігін алып келе жатқан екен. Бірақ қар бүршігі жоқ болып кетіпті.

Балалар: Олар еріп кетіпті.

Тәрбиеші:Балалар, қалай ойлайсыңдар, қар бүршігі неліктен еріп кетті?

Балалар:Себебі, Айсұлудың алақаны жылы болды.

Тәрбиеші:Балалар, біз алақанымызға салсақ, еріп кете ме?

Балалар:Ия еріп кетеді.

Тәжірибе жасау.

Тәрбиеші: Оны дәлелдеу үшін тәжірибе жасап көрейік.  Алақандарыңды ашыңдар.

Тәрбиеші балалардың алақандарына кішкене қарды салады. Қардың ерігендеріне көздерін жеткізеді.

Тәрбиеші:Балалар, қар бүршігі еріп кетті?

Балалар:Себебі, Айсұлудың алақаны жылы болды.

Тәжірибе жасап боолған соң балалар майлықпен  алақандарын сүртеді.

 

Сергіту сәті: «Аққала»

Қар жауғанда  топ бала,

Соқтық келіп аққала.

Мұрны сәбіз,үп-үшкір,

Көзі көмір қап-қара.

Көне шелек басында,

Сыпырғышы қолында.

Мұз айдынды аршуға,

Келгендей-ақ ол мұнда.

Балалар үстелге жайғасады.

Тәрбиеші:Балалар, Айсұлу өзімен бірге бір қорапша алып келіпті. Ашып көрейік пе?

Балалар жауаптары.

Тәрбиеші:Қорапта жұмбақ жасырыңдар делінген екен. Ал, кім тапқыр екен?

Жұмбақ

Қыста ғана болады
Ұстасаң қолың тоңады.(Қар)

Тәрбиеші:Жарайсыңдар, балалар.Қорапта  бүктелген қағаздар бар екен. Бұл не екен?

Балалар:қар бүршіктері.

Тәрбиеші:Қорапта Айсұлу өзімен бірге қар бүршіктерін алып келген екен. Балалар бұл қар бүршіктері қорапта ұзақ уақыт жатыр. Еріп кетпепті. Неліктен деп ойлайсыңдар?

Балалар: Себебі қораптағы қар бүршіктері қағаздан жасалған.

Тәрбиеші:Қар бүршіктерімен барлығымыз жаттығу жасаймыз. Ол үшін қар бүршіктерін сәл жоғары көтеріп ұстап тұрып, үрлейміз.

Балалар тәрбиешімен бірге жаттығуды орындайды.

Балаларды топқа бөлу.

Әр баланың төсінде бейджик ілінген. Бейджиктерде

Қызыл, жасыл, көк шананың суреттері ілінген. Үстел үстерінде де Қызыл, жасыл, көк шананың суреттері орналасқан. Балалар бейджиктегі суреттерге сәйкес орындарын табу керек.

Тәрбиеші: Балалар қолдарыңдағы кар бүршіктеріңді қазір біз көңілді қыламыз. Ол үшін бір топтың балалары мақта таяқшасын қолданса, екінші топ құрастырады, ал үшінші топ қар бүршіктерін жабыстырады. Ал, ендеше жұмысқа кірісейік. Жұмыс барысында бір-біріне бөгет жасамаңдар. Бояуды, желімді ауыздарына салмаңдар, көздеріңді кір қолдарыңмен тиіспеңдер. Сақтық ережелерін естеріне сақтаңдар, балалар.

Қызыл шана тобы: Қар бүршігін мақта таяқшасымен безендіреді, яғни нүктелер, сызықтар салуы мүмкін.

Жасыл шана тобы: Қар бүршігін көкшіл әдемі безендірілген фонға жабыстырады.

Көк шана тобы: Үстел үстінде алдын ала дайындалған қар бүршігінің әр түрлі түрін құрастырады.

Балалар жұмысты орындап жатқанда музыка қосуға болады.

Балалар жұмыстарын орындап болған соң, бір-біріне көрсетіледі.

Көрме ұйымдастырылады.

 

Рефлексия

Мақсаты: Балалардың алған білімдерін қорытындылау. ҰОҚ қаншалықты меңгергендігін білу. Түстер туралы білімдерін кеңейту. Тілдерін дамыту. Ұқыптылыққа, эстетикалық талғамы жоғары болуына тәрбиелеу.

Шарты: Балаларға шыршаны әшекейлеу керек. Шыршаны әшекелеу үшін қызыл, жасыл, көк ойыншықтар берілген. Балалар ҰОҚ толығымен түсіндім десе, қызыл  ойыншықты таңдап, шыршаны безендіреді. Ал егер ҰОҚ толығымен түсінбей қалдым десе, жасыл ойыншықпен безендіреді. ҰОҚ мүлдем түсінбедім десе, көк ойыншықпен безендіру керек.

 

Просмотров: 378


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст