Тақырыбы: Арайлы алтын күз
Мақсаты: Алтын күз мерекесі жайлы түсініктер беру. Балалардың күз мезгілінде жеміс-жидектер пісіп қамбаға түсетін туралы түсініктерін кеңейту, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар балалар !
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар, халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Бірге қарсыалайық!
Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді. Сендер білесіндер ме ол кім?
Балалар: Ол күз!
Тәрбиеші: Ендеше күзді ортаға шақырайық.
Бірге: Берекелі күз келді, меркелі күз келді.
Күз: Сәлеметсіңдерме, балалар!
Балалар: Сәлеметсізбе, Алтын күз!
Күз: Береке бақдарыған,
Жомарт көңіл, жарқын жаз.
Сары алтынға малынған, Алтын күздеген мен болам. Армысыздар қонактар, кішкентай бүлдіршіндер
Ойын: «Күн мен жаңбыр»
Тәрбиеші:
Шоғы толған гүлдей жайнап,
Шақырады жарқын жүз,
Сайраңдаған күліп-ойнап,
Келді міне Алтын күз!
Би: «Жапырақтар»
Күз: Балалар мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі
Шықса жасыл
Түссе сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ.
Күз: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар!
Тәрбиеші: Алтын күз, біздің балалар күз туралы жемістер жинауды біледі. Сіз жайланып отырып балалардың өнерін тамашалаңыз.
Ойын: «Жеміс жинау»
Күз: Өте тамаша, балалар! Қазір балалар, маған мереке қатты ұнады. Ал енді менің сендерге алып келген сыйлықтарым бар менің, орманға баратын уақытым болды.
Берекелі бақ-дәулет,
Арта түссін тойланып.
Сау болыңдар балалар,
Келгенше жыл айналып.
Тәрбиеші: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Тамашалағандарыңызға рахмет!