«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Айгөлек» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Айголек» города Макинск при отделе образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балабақша мен ата-ананың бірлігі

19.08.2021

Балабақша мен отбасындағы тәрбиеде бірінші орында баланың жан-жақты дамуы, денсаулығы, тәрбиесі, жетістігі тұрады. Тәрбиеші баланы балабақшаға қабылдағанда әрдайым жылылық бере білуі керек. Баланың қандай көңіл күймен келгенін білу, оны алып қайтуға келген ата-анасына жетістігін айтып, қуанышты сәттерін баяндап отыру қажет. Отбасында және балабақшада кішкене сәби айнала қоршаған дүние жөніндегі бастапқы ұғымдарды меңгереді, өнегелі тәрбие алады. Ата-анамен бірлесе жұмыс жасау тәрбиеші жұмысын жеңілдетіп, баламен қарым-қатынасы жақсарып, оң нәтижелер береді.

Ата-анамен бірігіп жұмыс жасауда тәрбиеші жұмысты әр түрлі бағытта жүргізіп, түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланғаны жөн. Ынтымақты жұмыс жасауда балабақшада ата-аналармен байқаулар, көрме, тренингтер, жиналыстар, кездесулер ұйымдастыру болып табылады. Отбасылық тәрбиедегітәжірибемен бөлісу мақсатында педагогикалық-психологиялық сайыс, үлгілі отбасымен кездесу кешін өткізіп, отбасылық газет шығару. Газетте отбасының қуанышты сәттері, игі істерінің нәтижелері жазылады. Мерекелік ойын-сауықтарда бүлдіршіндер әннен, биден, жырдан шашу шашып, ертегілерден көрініс сомдап, өз қабілеттерін ортаға салады. Өйткені, кез-келген ата-ананың балабақшада өз баласының қимыл-әрекетін көргісі келетіні жасырын емес.

      «Басында бұлағы бар өзен, ұзақ ағады» демекші қазақ халқы өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі нармандаған, шығармашылықтың алуан түрлеріне баулыған. Отбасы тіршіліктің шағын ұясы, жаңа адам сол ұяда дүниегекеліп, қамқорлыққа бөленіп, өмір мектебінен өтеді. Отбасының жылылығы мен махаббаты баланың өзіне деген сенімін арттырып, болашағына нық қадам жасауына зор ықпал етеді. Балалардың балабақшаға көтеріңкі көңіл-күймен келу ітәрбиешінің еңбегінің көрінісі. Ата-ана мен балабақшаның өзара ынтымақтастықта болуы, әсерлі ойын-сауықтар, байқаулар балаларды сенімділік пен белсенділікке шақырады және жақсылыққа баулиды

Просмотров: 672


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст