«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Айгөлек» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Айголек» города Макинск при отделе образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ойыншықтың бала дамуына септігі, әдіскер Калишева Г.Е.

05.04.2021

  Сәбидің дүниетамының бай дамуына ойыншық әсер етеді. Ойыншықтар арқылы бала өз сезімін білдіріп, қоршаған ортаны зерттейді. Ойыншық таңдау  баланың ең маңызды ісі болып есептеледі. Тек баланың өз еркіне, таңдауына байланысты. Көп ойыншықтардың арасынан өзіне тән ойыншық болып табылады.Әр баланың ойыншығы болуы тиіс. Бала ойыншығын ұрсып жұбатады.Ойыншық арқылы бала жалғыздықтан арылады. Ата-аналары бір жаққа кеткенде, жалғыз қалған бала қараңғыдан қорықпау үшін ойыншығын ұүшағына алып, қорқыныш сезімін сейілтеді. Жатарда жарық сөнгенде де, дос ойыншығы баланың құшағынан табылады. Кейде бала ашуын ойыншығынан алып, жұлып тастаған қалың мата орнына тігіп қояды.Баланың ойыншығына қарап, оның не ойлап, не сезініп жүргенін анықтауға болады.Шынайы өмірден алынған ойыншықтар. Қуыршақтар отбасы (жануарлардың отбасы), қуыршақтың үйі, жиһаз, ыдыс, көлік, қайық, таразы, дәрігер мен шаштараздың құралдары, сағат,теміржол, телефон, т.б.Ашуын сыртқа шығаруға көмектесетін ойыншықтар: сарбаздар, мылтық, доп, жастық, т.б.Сонымен қатар, шығармашылық қиялы мен өзін ашуға көмектесетін ойыншықтар бар. Олар : конструктор, әліпби, үстел үсті ойыншықтары, қиылған суреттер, бояз,мозайка, жіп, мата кескіндері, желім, т.б.

 Ойыншықты сатып аларда міндетті түрде баланың көзқарасын есепке алу керек. Автомат немесе жартылай автомат ойыншықтар жарамайды. Балаға керек ойыншықтар-олардың жан дүниесін аша алуы тиіс болуы керек.1-2 жастағы балаларға арналған ойыншықтар, олар: пластмассалық пирамидалар. Осы ойыншық арқылы балалар ойлау қабілетін дамытады. 3-4 жастағы балалардың ойыншықтары әр түрлі болып келеді. Олар-конструкторды жинайды. Бұл жастағы балалар шын өмірден алынған сюжеттерді ойнайды. Мысалы: әке-ана, қыз-ана т.б.5-6 жастағы балалардың ойын орындарынан төсек орындары мен шкафтарға ауысады. Бұл жастағы балаларды ойлау, қиялдау қабілеті жақсы дамиды. Өз қолдарымен жасаған ойыншықтарды жақсы көреді.

 Есте сақтаңыз: Ойыншықты ауыстыруыңыз қажет. Себебі, бір ойыншықтан бала жалығуы мүмкін. Ескі ойыншықты алып тастап, уақыт өткеннен кейін қайта шығарсаңыз, баланың қызығушылығы қайта оянады.

Просмотров: 150


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст