Жобаның мақсаты:
Балалардың Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Қазақстанның болашағы өздері екенін түсініп, патриоттық сезімдерін ояту.
Жобаның міндеттері:
Балаларда Отанымыз туралы, Қазақстан Республикасында тұратын халықтар туралы түсініктерін қалыптастыру.
Конституция туралы білімдерін ойын арқылы, көркем сөз арқылы жеткізу
Мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін бекіту.
Жобаның сипаты
Қатысушылар: «Жұлдыз-ай» тобы, ата-аналар, тәрбиеші Исмаилова Р.Б.
Ұзақтылығы: 1 апта (қысқа мерзімді)
Танымдық-ақпараттық.
Өзектілігі:
Мектепке дейінгі балалар
ҚР Конституциясын көп біле бермейді, ойындар арқылы, альбом, саяхат және т.б. арқылы балалардың түсініктерін қалыптастыру
Тәрбиешінің іс-әрекеті:
Ата-аналармен жұмыс:
Ескерткіштер туралы слайд
Қазақстан табиғаты туралы альбом
ҚР Конституциясының папкасын шығару
Балалармен жұмыс түрлері:
Жобаны жоспарлау
Дүйсенбі – Ата Заң, Елбасы, рәміздер туралы жалпы мағлұмат, әңгіме, сурет арқылы сұрақ-жауап.
Сейсенбі – Біздің құқықтарымыз, оның ішінде: білім алуға, емделуге, демалуға.
Сәрсенбі - Біздің міндеттеріміз.
Табиғатты, ескерткіштерді қорғау, құрметтеу.
Бейсенбі – Біздің таңдауымыз.
Қалауымыз бойынша таңдау жасаймыз: тұратын жерді, оқу орнын, мамандықты, жүріп-тұруға байланысты өз таңдауымызды жасап, «Қазақстан қалаларына саяхат» ойыны арқылы тақырыпты бекітеміз.
Жұма – «Біз әр тілде сөйлей аламыз» тақырыбында викторина өткіздім. Викторинада үш тілде тақпақтар айтады, сұрақтарға жауап береді.
Жобаға өзіндік талдау:
Қатысушылар: «Жұлдыз-ай» тобының балалары, ата-аналар, тәрбиеші Исмаилова Р.Б.
Мақсаты: балалардың Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Қазақстанның болашағы өздері екенін түсініп, патриоттық сезімдерін ояту.
Міндеттері: балаларда Отанымыз туралы, Қазақстан Республикасында тұратын халықтар туралы түсініктерін қалыптастыру.
Конституция туралы білімдерін ойын арқылы, көркем сөз арқылы жеткізу
Мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін бекіту.
Өзектілігі:мектепке дейінгі балаларҚР Конституциясын көп біле бермейді, ойындар арқылы, альбом, саяхат және т.б. арқылы балалардың түсініктерін қалыптастыру.
Құрылымы мен мазмұны:
Дүйсенбі-Ата Заң туралы, Елбасы, рәміздер жалпы мағлұмат, әңгіме.
Сейсенбі – біздің құқықтарымыз.
Сәрсенбі – біздің міндеттеріміз.
Бейсенбі –біздің таңдауымыз.
Жұма – «Біз әр тілде сөйлей аламыз» викторина
Қолданылған әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, слайд, альбом көру, саяхатқа шығу,сюжетті-желілі ойындар ойнату, тақпақтар, мақал-мәтелдер жаттату.
Көрнекіліктер: слайд, альбом, папка, ойынға қажет атрибуттар, суреттер.
Жоба барысында іс-әрекеттер мен көрнекі құралдар әр түрлі және балалар қызығарлықтай болғандықтан, балаларға түсіндіру қиынға соққан жоқ.
Жоба барысында әр тақырыпты балаларға тиімді, түсінікті тілмен түсіндіруге тырыстым. Балалар белсенді қатысты.
Жоба барысында ата-аналармен де жұмыстар болды: альбом, папка, слайд. Ата-аналарға бұл тақырып өте қызықты болды деп ойлаймын. Жоба барысында ата-аналармен байланысым тығыз болды.
Ата-аналармен бірлесе жұмыс жасағандықтан жақсы нәтижеге жеттім деп ойлаймын.