«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Айгөлек» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Айголек» города Макинск при отделе образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Біздің өлкенің ағаштары» жобасы (ерте жас тобы) Орындаған: Даулетбаева А.М.

25.02.2021

Жобаның сипаты

Қатысушылар: «Балапан» тобы, ата-аналар,

тәрбиеші Даулетбаева А.М.

Ұзақтылығы: 1 күн  (қысқа мерзімді)

Танымдық-шығармашылық.

Жобаның мақсаты:

-Балаларға туған жердің ағаштары туралы түсініктерін қалыптастыру.

-Өңіріміздің ағаштары туралы түсініктерін кеңейту;

- Тірі табиғатты күтуге деген еңбек дағдылары қалыптастыру.

- Туған жердің табиғаты мен ағаштарын аялауға тәрбиелеу.

 Жобаның міндеттері:

Балаларға табиғат туралы мағлуматты слайд арқылы көрсету.

Өзектілігі:

   Біздің балабақша ағаштардың ортасында орналасқандықтан, балабақша балалары  ағаштардың аттарын, олардың жапырақтарын ажырата алмайды. Сол себепті мен осы тақырытпы қазірден бастап түсіндіруді жөн көрдім.

Тәрбиеші мен балалардың іс-әрекеті:

Көркем сөз, ағаштар туралы слайд көрсету. дәстүрлі емес  тәсіл арқылы суретті түрлі жапырақтармен толтыру (сурет салу)

Ата-аналармен жұмыс:

1.«Біздің өлкенің ағаштары» гербарий.

2.Ата-аналардың өз балаларымен ағаштың ішіне серуенге шығуы.

 

 

 

 

 

 

 

Жобаны  жоспарлау.

   Күннің бірінші жартысы:

  1. Слайд көрсету.
  2. Сурет салу: «Күзгі ағаш. Қайың»
  3. Қимылды ойын: «Ағаштың бүрін жина»  

Күннің екінші жартысы:

1.Жаратылыстану: «Балабақша жанындағы ағаштар»

2. Қимылды ойын: «Ғажайып ағаш»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Балабақшаның жаныңдағы ағаштар

Сабақтың   мақсаты:  Балаларға туған табиғатымыздағы ағаштар және олардың пайдасы туралы жан-жақты  мәлімет, ағаштарды қорғап,  қамқорлық жасай білуге үйрете отырып білімін кеңейту.

Әдіс –тәсілдер: көрсету,түсіндіру.

Көрнекіліктер:  ағаштардың суреттері .

Шаттық шеңбер:

Армысың, алтын күн!

Армысың  көк аспан,

Армысың  жер-ана

Армысың  досым!

Кәне  балалар, бәріміз өлеңге құлақ салайық.

Қайың, терек басынан

Сарғыш тартып жапырақ

Жерге түсіп шашылған,

Жел үрлесе қатрылап.

Балалар, бұл өлең  күз мезгіліндегі ағаштар туралы. Ал енді, суреттерге назар аударайық. ( балалар суреттерді қарастырады). Балалар қарандаршы,  мынау бізде шырша ағашы.  Оның түсі жасыл.  Шырша қыста да, жазда да  жасыл  болып өседі. Бәріміз бірге шырша деп айтайықшы.

Сергіту сәті.

Ал балалар, тұрайық

Алақанды ұрайық

Оңға қарап бұрылып

Солға қарай бұрылып

Бір отырып,бір тұрып

Бой сергітіп алайық.

Ал, мынау  ағаш -  ақ қайың деп аталады. Ол ақ түсті қабығымен ерекшеленетін әдемі ағаш. Көктемде ерте бүршік жарып, кеш жапырақ  түсіреді. 

Ойын: «Жапырақтарды жина»

 

 

Меңгереді -   шыршаның түсін

Үйренеді – «шырша» деген сөзді айтуды

Біледі –жапырақтарды жинауды.

 

 

 

Білім беру саласы:  Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: « Күзгі ағаш»

Мақсаты: балардың  шығармашылық білімдерін  дәстүрлі емес сурет салу арқылы дамыту .  Сурет салу әдістерін пайдалана отырып қызығушылықтарын арттыру. Балаларға эстетикалық тәрбие беру.

Құрал-жабдықтар: ватман қағазы,бояулар,мақта таяқшалары, қол орамал,су.

Шаттық шеңбер .

Мына сұлу әлемде

Адам өмір сүреді.

Үлкен менен кішіге

Күн сәулесін төгеді.

-Күнге қол бұлғайықшы балалар, жарайсындар!

Орындарына отырыңдар–деп әр баланы  сурет сабағына дайындалған орындарға отырғызу.

Тәрбиеші   балаларға мақта таяқшалармен жұмыс істеу нұқсаулықтарын түсіндіріп, көрсетеді. Әр бала тәрбиешінің қасына келіп бір-бірден таяқшаларды бояуға батырып отырып  қайың ағашына жапырақтар жасайды, яғни нүктелі  түрде имитация етіп әр түрлі бояулармен қолданады. Бәріміз бірге қайың деп айтайықшы.

 Д/о «Ағаштарды топтастыр»

 

 

Меңгереді -   шырша мен қайыңды бір –бірімен ажыратуды.

Үйренеді – «қайын» деген сөзді айтуды.

Біледі –ағаштарды топтастыруды.

 

 

 

 

 

 

 

Жобаға өзіндік талдау:

 

Қатысушылар: «Балапан» тобының балалары, ата-аналар, тәрбиеші  Даулетбаева А.М.

Мақсаты: балаларға туған жердің ағаштары туралы түсініктерін қалыптастыру.

- Өңіріміздің ағаштары туралы түсініктерін кеңейту;

- Тірі табиғатты күтуге деген еңбек дағдылары қалыптастыру.

- Туған жердің табиғаты мен ағаштарын аялауға тәрбиелеу.

Міндеттері: балаларға табиғат туралы мағлуматты слайд арқылы көрсету.

Өзектілігі: Біздің балабақша ағаштардың ортасында орналасқандықтан, балабақша балалары  ағаштардың аттарын, олардың жапырақтарын ажырата алмайды. Сол себепті мен осы тақырытпы қазірден бастап түсіндіруді жөн көрдім.

Құрылымы мен мазмұны.

Күннің бірінші жартысы:

1Слайд көрсету.

1.Сурет салу: «Күзгі ағаш»

2.Қимылды ойын: «Ғажайып ағаш»

Күннің екіінші жартысы:

1.Жаратылыстану: «Ағаштар. Қайын»

2.Қимылды ойын: «Жапырақтарды жина»

 

Қолданылған әдіс-тәсілдері: слайд көру, қайынның суретін түрлі жапырақтармен толықтыру (дәстүрлі емес),  қимылды ойындар ойнату.

Көрнекіліктер: слайд, ойынға қажет атрибуттар.

Жоба барысында бұл тақырыпты балаларға тиімді, түсінікті тілмен түсіндіруге тырыстым. Балалар қызығушылық танытты.

Жоба барысында ата-аналармен де жұмыстар болды:   гербарий, ата-аналардың өз балаларымен ағаштың ішіне серуенге шығуы.

 Ата-аналарға бұл тақырып өте қызықты болды деген ойдамын. Ата-аналармен бірлесе жұмыс жасағандықтан жақсы нәтижеге жеттім деп ойлаймын.

 

 

 

 

Мазмұны:

1. Кіріспе.

2. Жобаның сипаты.

3. Жобаның мақсаты.

4. Жоба міндеттері.

5. Өзектілігі.

6. Тәрбиеші мен балалардың іс-әрекеті.

7. Ата-аналармен жұмыс.

8. Жобаны жоспарлау.

9. Ұйымдастырылғын оқу іс-әрекеті

10.Өзіндік талдау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жобалау әдісінің нәтижесі туралы анықтама

 

2020 жылы қараша айының 19 мен 20 күндер  аралығында «Балапан» тобында жобалау әдісі бойынша тексеріліс өткізілді.

Мақсаты: жобалау әдісі бойынша жүйелік жұмыстарының талдауы.

Тексеру барысында келесі жұмыстар атқарылды:

1.Педагогтің құжаттарын тексеру.

2.Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне кіру

3.Гербарийді қарастыру.

Жобалау әдісі – мәселені жете зерттеу арқылы, нақты нәтиже бере алатын, рәсімделген дидактикалық мақсатқа жету тәсілі. Жобалау әдісі – барлық кезде қандай да мәселенің шешімін жорамалдайды. Жобаның басты идеясы: балалардың танымды қызығушылығын дамыту, өз беттерінше және тәрбиеші мен ата-анасының көмегі арқылы өз білімдерін дұрыстап ақпараттық кеңістікте жөн таба білу және сыни ойлауды дамыту.

Жобаның мазмұны балаларға табиғатты, өзіміздің өлкеміздегі ағаштарды таныстырып, оларды аялау, күту қарастырылды.

Жоба тақырыбы: «Біздің өлкенің ағаштары» ерте жас тобы Даулетбаева А.М.

Мақсаты: бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлыққа тәрбиелеу қазіргі балабақшаларда тәрбие ісінің өзекті мәселесінің бірі болып табылады.

Табиғатпен таныстыру – балалардың танымдық дамуының басты құралы болып табылады.

Ұсынылды: тәрбиеші Даулетбаева А.М. жобалау әдісі бойынша жұмыстарын ары қарай жалғастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 382


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст