«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Айгөлек» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Айголек» города Макинск при отделе образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тілге бойлау» пилоттық жоба

04.11.2024

2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап "Айгөлек бөбекжай - бақшасы" МКҚК "Әйгерім" ересек тобы "Тілге бойлау"пилоттық жобасына қатысады. Жобаның мақсаты балалардың мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығын ояту, қазақ тілінде ауызша сөйлеудің (түсіну және айтылу) қарапайым дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Бұл топтың тәрбиешілері Көкшетау қаласында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқудың үлгілік бағдарламасын іске асыру» тақырыбында біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Қазақ тілін оқыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын режимдік сәттерде ойын түрінде және тілді, көркем әдебиетті, қазақ тілін дамыту бойынша ұйымдастырылған қызмет арқылы жүзеге асырылады. Балаларды күн сайын сәлемдесуге, қоштасуға, қазақ тілінде сыпайы сөздерді қолдануға үйретеміз. Балаларды ұлттық ойындармен таныстыру жұмыстарын жалғастырамыз, бос уақытта серуендеуде ойнаймыз. Балаларға «Сақина», «Соқыр теке», «Ұшты- ұшты» ойындары қатты ұнайды. Ересектер мен балалардың еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру үшін «Өнегелі 15 минут» іске қосылды. Балалармен қазақ халқының салт-дәстүрлерімен үнемі танысамыз.

Ата-аналар жиналысында ата-аналарды «Тілге бойлау» және «Біртұтас тәрбие» бағдарламаларымен таныстырдық. Қабылдау бөлмесінде осы бағдарламалар бойынша жылжымалы папка ресімделген

Просмотров: 1293


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст